Оқушыларды OXYZ кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесімен таныстыру, нүктелердің орналасуын түсіндіру және тірек сызба арқылы визуалды есте сақтауға үйрету.
Кеңістікте кез келген нүктенің орнын анықтау үшін үш координата қажет:
xx, yy, zz — бұл OXYZ координаталық жүйесі.
A(2, 3, 4) және B(5, 7, 1) нүктелері берілген.
а) Нүктелер кеңістікте қалай орналасқан?
б) Қай жазықтықтарға жақын?
Талдау:
Кеңістік 8 октантқа бөлінеді:
| Октант № | x | y | z |
| I | + | + | + |
| II | — | + | + |
| III | — | — | + |
| IV | + | — | + |
| V | + | + | — |
| VI | — | + | — |
| VII | — | — | — |
| VIII | + | — | — |
